Нөмірді брондау
Тұруды брондау

captcha
Контактілерді енгізіңіз

Көкшетауда Reikartz қонақ үйі ашылды

Reikartz Түркиядағы алғашқы қонақүйді ұсынады!

Қазақстанда ұзақ тұруға жеңілдіктер

Атырауда Reikartz Sunkar қонақ үйі ашылды

Біз бағаны booking.com сайтындағы құнынан 20% төме


Reikartz COVID Free

Біздің Қонақтарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы біз үшін бәрінен жоғары және аса маңызды міндет болып табылады. Біз Қонақтарымыздың, Серіктестеріміздің және Қызметкерлеріміздің денсаулығына және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлеміз. 

Инфекцияның таралуы туралы ақпаратты, жетекші сарапшылардың және үкіметтік ұйымдар – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, ДДҰ-ның ұсынымдарын мұқият зерттеп, біз Қонақтарымыз үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы процедуралар мен хаттамаларды қатаңдаттық. 

Reikartz Grup Otel желісінің барлық объектілерінде мынадай қауіпсіздік шаралары қабылданған:

  • Қызметкерлердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізіледі: әрбір қызметкердің жұмыс ауысымының басында және соңында түйіспесіз термометрмен дене температурасы өлшенеді; 
  • Барлық қызметкерлер жеке қорғану құралдары – бетпердемен және бір рет пайдаланылатын қолғаптармен қамтамасыз етілген; 
  • Барлық қызметкерлер тұрақты негізде оқудан өтіп, оларға нұсқамалар беріледі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және ДДҰ-ның талаптарымен және ұсынымдарымен таныстырылған;
  • Барлық қонақ үйлер мен мейрамханалардың кіреберісі зарарасыздандыру құралы бар санитариялық станциялармен жабдықталған; 
  • Қонақтар үшін қонақ үйдегі мінез-құлық ережелері мен санитариялық-гигиеналық талаптар қамтылған ақпараттық кестелер орнатылған;
  • Жанасатын барлық беткі қабаттарды міндетті түрде зарарсыздандыру арқылы қоғамдық аймақтарды тазалау жиілігі арттырылған; 
  • Тазалау мен зарарсыздандыру үшін СЭС тиісті қорытындылары және зарарсыздандыру құралдарының куәліктері бар Еуропада өндірілген кәсіби құралдар пайдаланылады;
  • Кем дегенде 1,5 м. қауіпсіз қашықтықты сақтауды ескере отырып, қоғамдық аймақтарды бөлу жүргізілген; 
  • Төсек-орын жабдығы мен түкті сүлгілер Еуропада өндірілген кәсіби сертификатталған құралдармен жоғары температурада өңделеді, артынан міндетті түрде үтіктеледі, 
  • Мейрамхана мен ас үй бөлмесінің жұмысы мемлекеттік нормалардың талаптарымен қатаң реттелген және HACCP стандартының негіздерін сақтауға құрылған;
  • Мейрамханалардың жұмысы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, қоғамдық аймақтарды ұйымдастыру және Қонақтарға қызмет көрсету жөніндегі ұсынымдарға сәйкес түзетілеуде – Қонақтарға қызмет көрсету форматы өзгертілді;
  • Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеу және ден қоюдың ішкі хаттамалары бекітілді;
  • Біз ақпараттың жаңартылуын, сарапшылар мен үкіметтік ұйымдардың ұсынымдарын үнемі бақылап отырамыз және қажетті сақтық шараларын дереу енгіземіз.

Құрметті Қонақтар!

COVID-19 вирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Сіздерден санитариялық-гигиеналық ұсынымдарға сәйкес қонақ үйде мінез-құлық ережелерін сақтауды өтініп сұраймыз:

1. Санитариялық-гигиеналық ережелермен және қонақ үйде тұру ережелерімен міндетті түрде танысып шығыңыз.  
2. Жеке қорғану құралдарының (атап айтқанда бетперденің) міндетті түрде болуы және оларды қолдану. 
3. Қонақ үйге кіреберістегі санитариялық станцияда қолыңызды міндетті түрде зарарсыздандырыңыз.
4. Қонақ үйге орналасудың алдында Сіздерге рецепцияда дене температурасын өлшеуді ұсынамыз. 
5. Мүмкіндігіне қарай қонақ үй қызметтерінің ақысын қолма-қол ақшасыз (қол тигізбей) төлеңіз. 
6. Рецепция аймағында және қонақ үйдің немесе мейрамхананың өзге де үй-жайларында басқа Қонақтарға қатысты кемінде 1,5 м. қашықтықты сақтаңыз. 
7. Бөлмеге немесе дәретхана үй-жайына кірген және одан шыққаннан кейін міндетті түрде 20 секунд бойы қолыңызды сабындап жуыңыз немесе зарарсыздандыру құралдарын пайдаланыңыз. 
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және ДДҰ-ның профилактикалық ұсынымдарын сақтаңыз:

  • Иммунитетті нығайтып, өзіңіздің хал-жағдайыңызды қадағалаңыз.
  • Бетіңізді ұстамаңыз. Таза емес қолыңызбен көзіңізді, мұрныңызды, аузыңызды ұстамаңыз. 
  • ЖРВИ алғашқы белгілері болған кезде дәрігерге қаралыңыз.
  • ЖРВИ белгілері бар адамдармен қатынас жасамаңыз. 1,5 метр қашықтықты сақтаңыз.
  • Өнімдерді термиялық түрде өңдеңіз.

9. Қосымша ақпарат алу, қосымша қызметтерге тапсырыс беру қажет болған жағдайда, Сізден жеке қатынасты барынша азайту үшін рецепцияға телефон арқылы хабарласуды өтінеміз. 
10. Дене температурасы көтерілген және ауру белгілері пайда болған жағдайда, бөлмеде оқшаулану және қаланың жедел желісінің диспетчеріне хабарлау қажет. 
Жедел желі телефонының байланыс нөмірін Сіз қонақ үйдің рецепциясына жүгіну арқылы немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігінің сайтынан біле аласыз. 
Басқа Қонақтардың, сондай-ақ қонақ үй мен мейрамхана қызметкерлерінің ауру жұқтыру қаупін тудырмаңыз!
11. Белгіленген ережелерді және санитариялық-гигиеналық ұсынымдардың талаптарын сақтамаған жағдайда, қонақ үй, өкінішке орай, қонақ үйге орналастырудан бас тартуға немесе қонақ үйден шығуын талап етуге мәжбүр болады.

үй Желі ережелері Reikartz COVID Free