Нөмірді брондау
Тұруды брондау

captcha
Контактілерді енгізіңіз

Көкшетауда Reikartz қонақ үйі ашылды

Reikartz Түркиядағы алғашқы қонақүйді ұсынады!

Қазақстанда ұзақ тұруға жеңілдіктер

Атырауда Reikartz Sunkar қонақ үйі ашылды

Біз бағаны booking.com сайтындағы құнынан 20% төме


Құпиялылық саясаты

«РХМ КАЗАХСТАН» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ

Соңғы жаңартылуы: 31 мамыр 2021 ж.

«РХМ Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құпиялылық туралы осы ережесі (бұдан әрі – «Ереже») «РХМ КАЗАХСТАН» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНЕ (бұдан әрі – «РХМ Казахстан» ЖШС) және Reikartz Grup Otel (бұдан әрі – бірге «Reikartz Grup Otel», «біз» немесе «бізді») шатырлы брендімен біріктірілген барлық қонақ үйлерге қатысты. Бүкіл әлемде Reikartz Grup Otel шатырлы брендіндегі қонақ үйлердің қонақтарына ең жоғары сапалы қызметтер, өнімдер мен өмір сүру жағдайлары ұсынылады. Біз Сіздің бизнесіңізге үлкен құрметпен қараймыз және Сіздің сеніміңізді бағалаймыз. Біз құпиялылықтың маңыздылығын түсінеміз. Сондықтан, біз ауызша немесе жазбаша түрде алынған немесе осы сайтқа, қонақ үйлерімізге немесе басқа дереккөздерге кірген кезде берілген жеке ақпаратқа қатысты қағидаларымызды түсіндіру мақсатында осы Ережені әзірледік. Бұл Ереже бүкіл әлемдегі Reikartz Grup Otel шатырлы брендіндегі қонақ үйлерде қабылданған қағидалар жалпылама сипатталатынына қарамастан, жергілікті заңдар өзгеріп отырады және кейбір юрисдикциялар біздің деректерді өңдеу қызметімізге шектеулер қоюы мүмкін (мысалы, кейбір елдердің юрисдикциясына сәйкес маркетингтік хабарламаларды алуға тікелей келісім болу қажет). Осылайша, біздің осы юрисдикциядағы нақты қағидаларымыз жергілікті талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін осы Ережеде сипатталған қағидаларға қарағанда шектеулі болуы мүмкін. Егер Сіз Еуропалық экономикалық аймақтың (ЕЭА) резиденті болып табылсаңыз, «РХМ Казахстан» ЖШС-ның Сіздің дербес деректеріңізді пайдалануы туралы қосымша ақпарат алу үшін осы Ереженің 1-қосымшасымен танысуыңызды сұраймыз.
Біздің кез келген өнімдерімізді немесе қызметтерімізді пайдалана отырып және / немесе осы Ережемен келісе отырып, Сіз осы Ережеде ұсынылған ақпаратқа сәйкес дербес деректерді жинауға және пайдалануға келісесіз және түсінесіз.

Бұл Ереженің бөгде компаниялар мен қызметтерді жеткізушілердің, сондай-ақ саяхатты ұйымдастыру бойынша кешенді қызметтерді ұсынатын компаниялардың, маркетингтік серіктестердің немесе корпоративтік клиенттердің атынан немесе олардың тапсырмасы бойынша жеке ақпаратты өңдеуге қолданылмайтынына назар аударыңыз.

Сіз мына сілтеме арқылы танысуға болатын қонақ үйлер Reikartz Grup Otel шатырлы брендінің портфолиосына кіретін қонақ үйлер болып табылады: https://reikartz.com и https://reikartz.kz

1. «РХМ Казахстан» ЖШС жинайтын жеке ақпарат
«РХМ Казахстан» ЖШС қонақтармен және басқа байланыста болған адамдармен өзара әрекеттесу кезінде, бизнесті жүргізу процесінде, сондай-ақ бағдарламаларды пайдалану кезінде жеке деректерді жинайды. Мұндай жеке ақпарат: Сіздің атыңыз/тегіңіз, пошта мекенжайыңыз, шотты ұсыну мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі, брондау, қонақ үйде тұру немесе бару туралы ақпаратты; бейілділік бағдарламасына қатысу туралы мәліметтерді; конкурстарға, лотереяларға немесе маркетингтік бағдарламаларға қатысу туралы мәліметтерді (тіпті егер Сіз біздің қонақ үйлеріміздің біріне де тоқтамасаңыз); сатып алынған өнімдер немесе қызметтер туралы мәліметтерді; жеке мәліметтерді: ұлты, табыс деңгейі, төлқұжат нөмірі, төлқұжаттың берілген орны мен күні; сапарлар туралы мәліметтерді; Сіздің төлем картаңыздың нөмірі және басқа да деректері, сондай-ақ сәйкестендіру туралы ақпаратты және мобильді шоттармен байланысты шоттар мен есептік жазбалардың басқа да деректері сияқты төлемдер туралы ақпаратты; нөмірді таңдау кезіндегі Сіздің қалауыңыз туралы ақпаратты; Сіз алғыңыз келетін маркетингтік ақпараттың көлемі туралы мәліметті; біздің қонақ үйлерге келу үшін пайдалануға болатын автомобильдер туралы ақпаратты; біздің брендтеріміз немесе қонақ үйлеріміз туралы шолулар мен пікірлерді (егер олар белгіленген немесе Сізбен байланысты болса); қонақ үйді брондауды қоса алғанда тапсырыс берілген қызметтер пакетін; қонақ үйлерде тұру кезінде Сізбен байланысты топтар; бейілділік  бағдарламасына қатысуға байланысты ұсынылған ақпаратты; Сіз ұсынған немесе біздің Сіз туралы алған ақпараттың басқа түрлерін қамтуы мүмкін.

«РХМ Казахстан» ЖШС бағдарламаға қатысушылардың аты-жөндерін және нөмірлерін қоса алғанда, туристік топтар туралы деректерді сұрата алады. Сондай-ақ біз сапаны бақылау және оқыту мақсатында клиенттерге қызмет көрсетумен байланысты қоңырауларды, байланыстың өзге түрлері арқылы алынған хабарламаларды (мысалы: қосымшалар арқылы алынған хабарламалар немесе SMS-хабарламалар) тіркеуді немесе мониторингілеуді қоса алғанда, сөйлесулерге қатысты ақпаратты жинаймыз. Бұдан басқа, төменде «РХМ Казахстан» ЖШС-ға қосымша жеке ақпарат қажет болатын жағдайлар көрсетілген. 

  • Reikartz Club, Reikartz Priority Guest, Reikartz Corporate Guest және Reikartz Business бейілділік бағдарламаларына қатысу.
    Біздің тұрақты қонақтарымыз бен корпоративтік клиенттеріміз үшін біз тіпті ең талапшыл қонақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын 4 бейілділік бағдарламасын әзірледік: Reikartz Club, Reikartz Priority Guest, Reikartz Corporate Guest және Reikartz Business. Әрбір бейілділік бағдарламасы өзінің демалатын орны ретінде біздің желідегі қонақ үйлерді таңдайтын туристер үшін ғана емес, сонымен қатар ресімдеу жеделдігі мен пайдалану қарапайымдылығын бағалайтын корпоративтік клиенттер үшін де ерекше шарттар мен жоғары тиімділікті ұсынады. Сіз бейілділік бағдарламаларына қатысқан жағдайда «РХМ Казахстан» ЖШС бейілділік  бағдарламаларына қатысу үшін ақпаратты: Сіздің есіміңіз, жынысыңыз, жеке және жұмыстағы байланыс ақпаратыңыз, лауазымыңыз, туған күніңіз, тұратын еліңіз және қалаңыз, кәсіпорынның атауы; бейілділік бағдарламалары бойынша Сіздің есептік жазбаңыз және тіркеу деректеріңіз туралы ақпаратты; біздің веб-сайттарымыз немесе қосымшаларымыздағы сауалнамаларда, лотерея ұтыстарында, конкурстарда немесе жарнамалық ұсыныстарда Өзіңіздің маркетингтік қалауыңызға қатысты Сіз ұсынған ақпаратты, кері байланысты немесе контентті, сондай-ақ үшінші тұлғалар туралы осыған ұқсас ақпаратты; қонақ үйде тұру кезінде немесе қоғамдық пайдаланылатын орындарды бейнебақылау жүйелері, интернет-жүйелер (соның ішінде Сіздің компьютеріңіз немесе мобильді құрылғыңыз немесе Сіздің орналасқан жеріңіз туралы деректерді жинайтын сымсыз желілер), кілт-карталар және басқа да қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері мен технологиялары арқылы жиналған ақпаратты; веб-сайтты пайдалану кезінде жиналған ақпаратты; байланыс деректері және корпоративтік клиенттердің қызметкерлері мен қызметтерді жеткізушілер туралы, сондай-ақ біз ынтымақтастық жасайтын басқа да тұлғалар туралы өзге де  тиісті ақпаратты жинауды жүзеге асырады.
  • Сауалнамалар. «РХМ Казахстан» ЖШС сауалнамалары кезінде демографиялық деректер немесе басқа да жеке ақпарат қажет болуы мүмкін. 
  • Қонақ үйде ақпарат жинау. Кейде жергілікті заңнама талаптарына сәйкес «РХМ Казахстан» ЖШС тіркелу кезінде және қонақ үйге орналасу кезінде Сізден қосымша жеке ақпаратты сұратуға мәжбүр болады. Қонақ үйлерде біз күзеттік бейнебақылау жүйесін және қоғамдық орындарда қонақтар мен келушілердің суреттерін, сондай-ақ біздің қонақ үйлеріңіздегі орналасқан жеріңізге байланысты ақпаратты (кілт-карталар және басқа құрылғылар арқылы) тіркеуге және сақтауға мүмкіндік беретін басқа да қауіпсіздік шараларын қолданамыз. Сондай-ақ, біз заңмен рұқсат етілген жағдайларда қызметкерлерімізді, қонақтарымызды және қонақ үйлерімізге келушілерді қорғау үшін күзеттік бейнебақылау жүйесін және дыбысты немесе бейнені жазып алатын басқа да технологияларды пайдаланамыз. Сонымен қатар, бізге қонақ үйде бірқатар қызметтерді көрсету: SPA-орталыққа бару, іс-шараларды ұйымдастыру үшін қосымша ақпарат қажет болуы мүмкін. 
  • Іс-шаралар бейіндері. Іс-шараны жоспарлау кезінде «РХМ Казахстан» ЖШС осы іс-шараларды немесе кездесулерді, күнін, қонақтардың санын, нөмірлердің сипаттамасын тіркейді. Корпоративтік іс-шараларды өткізу кезінде бізге ұйым туралы ақпарат қажет болады: атауы, жылдық бюджеті, бір жылдағы қаржыландырылатын іс-шаралардың саны. Сондай-ақ, біз Сіздің тобыңыздың мүшелері болып табылатын немесе іс-шараға қатысатын қонақтар туралы ақпаратты да жинаймыз. Егер Сіз бізге топ құрамында келетін болсаңыз, біз топ ұсынған Сіздің жеке мәліметтеріңізді аламыз және Сіздің топ құрамында болу немесе іс-шараға қатысу нәтижелері бойынша Сіздің қалауыңызға қарай заңмен рұқсат етілген жағдайларда Сізбен байланыса аламыз. Егер Сіз іс-шара аясында бізге келсеңіз, біз заңда көзделген жағдайларда іс-шараны ұйымдастырушыларға Сіз туралы жеке ақпаратты береміз. Егер Сіз іс-шараны ұйымдастырумен айналысатын болсаңыз, біз заңмен рұқсат етілген жағдайларда іс-шара үшін қызметтерді ұсынатын қызметтердің бөгде жеткізушілерімен Сіздің іс-шараңыз туралы ақпаратпен бөлісе аламыз.
  • Әлеуметтік желілер. Егер Сіз «РХМ Казахстан» ЖШС әлеуметтік желілерде өткізетін іс-шаралар мен акцияларға қатысқыңыз келсе, бізге Сіздің әлеуметтік желідегі есептік жазбаңыздан белгілі бір ақпарат қажет болуы мүмкін: орналасқан жері, қонақ үйлердегі тіркеу, іс-шараларға қатысуы, қызығушылықтар, фотосуреттер, мәртебесіндегі өзгерістер және достар тізімі. «РХМ Казахстан» ЖШС Сізге фотосуреттерді ұсыну арқылы конкурстарға қатысуға рұқсат беруі мүмкін, мысалы, Сіздің біздің қонақ үйде болған кезіңізде түсірілген фотосуреттерді дауыс беру, көрсету немесе басқа жарнамалық акцияларға қатысу үшін әлеуметтік медиада орналастыра аласыз.


«РХМ Казахстан» ЖШС Сізден тікелей алатын ақпаратқа қосымша, біз Сіз ұсынған ақпараттың немесе біз жинаған басқа ақпараттың негізінде Сіз туралы ақпаратты да жасай аламыз.

2. «РХМ Казахстан» ЖШС басқа компаниялардан алатын жеке ақпарат
Сондай-ақ «РХМ Казахстан» ЖШС туристік операторлар компанияларынан және туристік агенттерден, төлем карталарына қызмет көрсететін компаниялардан және басқа серіктестерден, осындай сервистерге қатысты Сіздің реттемелеріңізге сәйкес әлеуметтік желілерден, сондай-ақ заң бойынша бізге Сіз туралы мәліметтерді бере алатын басқа да бөгде дереккөздерден алынған ақпаратты қоса алғанда, Сіз туралы ақпаратты үшінші тұлғалардан алады. «РХМ Казахстан» ЖШС бұл ақпаратты осы Ережеде көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланады және ұсынады (сондай-ақ оны Сіз туралы бізде бар басқа деректермен біріктіреді).

3. «РХМ Казахстан» ЖШС-ның Сіз ұсынған жеке ақпаратты пайдалануы
«РХМ Казахстан» ЖШС Сіздің дербес деректеріңізді әртүрлі тәсілдермен, соның ішінде Сіз сұрайтын және бізден күтетін қызметтерді ұсыну және дербестендіру үшін, біздің желіміздің барлық қонақ үйлерінде немесе бөлмеде Сізге өзіңіз сенетін қызмет көрсетудің ең жоғары деңгейін ұсыну үшін, бейілділік  бағдарламаларын басқару, төменде келтірілген толық сипаттамаға сәйкес тікелей маркетинг және өткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін пайдаланады. Сіздің деректеріңізді өңдеудің алдында, егер бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес талап етілсе, Сіздің келісіміңізді аламыз. 
«РХМ Казахстан» ЖШС Сіздің есіміңіз/тегіңіз, мекенжайыңыз, төлем ақпаратын, ал кейбір елдерде – Сіздің броныңызды өңдеу үшін жол жүру құжаттары туралы ақпаратты қоса алғанда белгілі бір деректерді жинауға міндетті. Қажетті ақпаратты беруден бас тартқан жағдайда, біз Сіздің брондауыңызды ресімдей алмаймыз.

  • Reikartz Club, Reikartz Priority Guest, Reikartz Corporate Guest және Reikartz Business бейілділік бағдарламаларының қатысушылары. Егер Сіз Reikartz Club, Reikartz Priority Guest, Reikartz Corporate Guest және Reikartz Business бейілділік бағдарламаларының қатысушысы болсаңыз, «РХМ Казахстан» ЖШС жаңалықтарды, жарнамалық және іскерлік материалдарды «РХМ Казахстан» ЖШС түрлі қызметтеріне беру үшін біздің қызметтеріміз арқылы жеке тәсілді қамтамасыз ету мақсатында бейілділік бағдарламаларын сәйкестендіру, басқару үшін, сондай-ақ интернет, электрондық пошта, мобильді құрылғылар және медиалық жарнама құралдары арқылы, сондай-ақ біздің сайтымызда, қосымшаларда және Сіз көрсеткен байланыс тәсіліне қатысты қалау-тілектеріңізге сәйкес біздің клиенттерге қызмет көрсету функциямыз арқылы Сізге жеткізілетін жарнама мен контентті дербестендіру үшін Сіздің деректеріңізді пайдаланады.
  • Сонымен қатар, Сіз бейілділік бағдарламаларына қатысқан жағдайда «РХМ Казахстан» ЖШС Сіздің деректеріңізді:
    -    Reikartz Grup Otel шатырлы брендінің портфолиосына кіретін қонақ үйлерге брондау және Сізді орналастыру кезінде карта өнімдерінің іске қосылуын, дербестендірілген жұмысын және бейілділік бағдарламаларының шарттарын қолдануды қамтамасыз ету;
    -    неғұрлым дербестендірілген қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, оның ішінде Сізге ақпаратты және үшінші тұлғалардың қызметтерін ұсыну (мысалы, қонақ үйлердегі қосымша қызметтер, жергілікті көрікті жерлерге бару және трансферді ұйымдастыру мен жүзеге асыру мүмкіндігі);
    -    Сіздің қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейіңізді анықтау үшін және біздің клиенттерімізге қызмет көрсетудің ең жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында нарықтық зерттеулер, сауалнамалар жүргізу;
    -    адрестік маркетингті жүзеге асыру және жарнама науқандарын ұйымдастыру;
    -    үшінші тұлғалардың қызметтерін (мысалы, мейрамханалар немесе көлік компаниялары) қоса алғанда, ақпарат пен қызметтерді ұсыну туралы сұрауларға жауап беру;
    -    Сіздің қауіпсіздігіңізді және қонақ үйде күзетті, сондай-ақ қызметкерлер мен қонақ үйдің басқа қонақтарының қауіпсіздігі қамтамасыз ету және қорғау;
    -    жалпы құжаттаманы жүргізу;
    -    заңнама талаптарының және оларға сәйкес қабылданған қағидалардың сақталуын және сәйкестігін қамтамасыз ету;
    -    жаңа өнімдер мен қызметтерді сынау, бағалау және қолданысқа енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін пайдаланады.
  • Қызметтерді әкімшілік басқару. «РХМ Казахстан» ЖШС Сіздің жеке ақпаратыңызды Сіз қатысатын бағдарламаларды әкімшілік басқару үшін, соның ішінде Сіздің есептік жазбаңыз туралы ақпаратқа, мысалы, бонустық теңгерімге және Сіз алуға құқылы ұсыныстарға қолжетімділікті бере отырып; осындай бағдарламаның бір бөлігі болып табылатын қызметтерді орындау үшін; Reikartz Grup Otel шатырлы брендімен біріктірілген қонақ үйлердің арасында және Reikartz Grup Otel шатырлы  брендімен біріктірілген қонақүйлер мен Сіздің араңызда тікелей байланысты орнату үшін; сондай-ақ деректерді жинау барысын жеңілдету үшін пайдаланады.
  • Іскерлік кездесулер мен іс-шараларды ұйымдастыру. «РХМ Казахстан» ЖШС Сізге жоспарланған кездесулер мен іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсыну үшін жеке ақпаратты пайдалануы мүмкін.
  • Маркетинг және коммуникациялар. Рұқсат етілген жағдайларда «РХМ Казахстан» ЖШС Сіздің байланыс тәсіліне қатысты көрсеткен қалау-тілектеріңізге сәйкес Сізге жіберілген хабарламаларға, жарнамалық акцияларға және арнайы ұсыныстарға жазылуды, сондай-ақ басқа да маркетингтік хабарламаларды беру немесе ұсыну үшін Сіздің жеке ақпаратыңызды пайдалана алады. Біз Сіздің ақпаратыңызды Сіздің бізде болу кезіңізде хабарламаларды жіберу, шоттың жай-күйі туралы хабарлау, брондауды растау, маркетингтік хабарламалар жөнелту, сондай-ақ сауалнамалар, лотереялар, ұтыс ойындары және басқа да конкурстар өткізу үшін пайдаланамыз. Біз бұл хабарламаларды электрондық поштамен, қарапайым поштамен, интернет-жарнамалары, әлеуметтік медиа, телефон арқылы, мәтіндік хабарламалар (SMS және MMS), push-хабарламалар, қосымшалардағы хабарламалар, сонымен қатар басқа да құралдар арқылы (қонақ үйде хабарлама жіберуді қоса алғанда, мысалы, сіздің бөлмеңіздегі теледидар жүйесін пайдалану арқылы) ұсынамыз. Сіздің келісіміңізбен біз әлеуметтік желілерден, сондай-ақ біздің сайтымызда және қосымшаларымызда медиа жарнамаларды жіберу үшін пайдаланушы контентін (мысалы, фотосуреттерді) қолданамыз. Сондай-ақ, біз жеке ақпаратқа қосылуы және Сіздің картаңыздың түрін анықтау мақсатында біз немесе біздің іскерлік серіктестеріміз пайдалануы мүмкін Сіздің төлем картаңыз туралы ақпаратты жинауымыз мүмкін.  Сондай-ақ, біздің сайтқа кіруші өзінің төлем картасымен байланысты ақшаны қайтару туралы ұсынысты пайдаланғанын білу мақсатында бөгде компаниялармен ынтымақтастық жасаймыз және Reikartz Grup Otel брендтерінің портфолиосына кіретін қонақ үйде болу кезінде осы ұсынысты қалай пайдалануға болатынын түсіндіретін жарнама мен ақпаратты ұсынамыз.
  • Қызмет көрсету сапасын арттыру. «РХМ Казахстан» ЖШС Сіздің жеке ақпаратыңызды біздің сайтымыз, өнімдеріміз бен қызметтеріміз Сізді қызықтыруы үшін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында пайдалана алады. Сондай-ақ, біз Сіздің жеке ақпаратыңызды біздің желіміздегі барлық қонақ үйлерде және бөлмелерде Сіз үшін күтілетін қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз ету үшін пайдаланамыз. 
  • Деректердің дұрыстығы, талдау және дербестендіру. «РХМ Казахстан» ЖШС деректерді жүйелеу және талдау мақсатында Сіздің жеке ақпаратыңызды бөгде дереккөздерден алынған деректермен біріктіре алады. Сондай-ақ, біз әрбір қонаққа жеке қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында бөгде дереккөздерден алынған ақпаратты пайдаланамыз. Мысалы, егер Сіз әлеуметтік медиа қызметтерін немесе басқа есептік жазбаларды біздің қызметтерімізге қосқан болсаңыз, біз бұл ақпаратты Сізге жақсы қабылдау мен жеке көзқарасты қамтамасыз ету үшін немесе оны бөгде компанияларға ұсыну және оны осы Ереженің кез келген тармағына сәйкес пайдалану үшін қолдана аламыз.

4. «РХМ Казахстан» ЖШС бөгде компанияларға ұсынатын жеке ақпарат
Сізге Өзіңіз күткен үміттерге сәйкес ең жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін, «РХМ Казахстан» ЖШС Reikartz Grup Otel шатырлы брендімен біріктірілген қонақ үйлерге, біздің қызметтерді жеткізушілерімізге, бөгде компанияларға және өзге үшінші тұлғаларға төмендегі түсіндірмеге сәйкес Сіздің жеке ақпаратыңызды бере алады:

  • Басқарылатын қонақ үйлерді қоса Reikartz Grup Otel шатырлы брендімен біріктірілген қонақ үйлер. «РХМ Казахстан» ЖШС Reikartz Grup Otel шатырлы брендімен біріктірілген қонақ үйлер, сондай-ақ біздің басқаруымыздағы қонақ үйлердің иелері Сізге қызметтерді көрсету, қызмет көрсету үшін жеке көзқарасты жүзеге асыру үшін және жоғарыда сипатталған мақсаттар үшін жеке ақпаратты бөлек немесе бірге пайдалануы үшін оларға Сіздің ақпаратыңызды ұсынады. Сонымен қатар, қонақ үйді басқаруды тоқтата отырып, біз иесіне осы қонақ үйдің бұрынғы және болашақ қонақтары туралы белгілі бір ақпарат береміз.
  • Топтық іс-шаралар немесе кездесулер. Егер Сіз топтық іс-шара немесе кездесу өткізу аясында Reikartz Grup Otel шатырлы брендімен біріктірілген қонақ үйлердің біріне тоқтасаңыз, кездесуді немесе іс-шараны жоспарлау үшін алынған ақпарат осы кездесулер мен іс-шараларды ұйымдастырушыларға және қажет болған жағдайда осы шараны ұйымдастыратын немесе оған қатысатын қонақтарға берілуі мүмкін.
  • Іскерлік серіктестер. «РХМ Казахстан» ЖШС Сіздің біздің қонақ үйлерімізде болу негізінде Сізге өнімдерді, қызметтерді көрсету немесе ұсыныстар жасау мақсатында басқа компаниялармен ынтымақтастық жасайды және сәйкесінше біздің іскерлік серіктестерімізге Сіздің ақпаратыңызды жібереді. Мысалы, біз серіктестерімізбен Сізге басқа қосымша қызметтерді ұсыну жөнінде келісімге келеміз. Бұл қызметтер көрсетілуі үшін біз серіктестерге Сіздің жеке ақпаратыңызды хабарлауымыз керек. Егер Сіз Reikartz Club, Reikartz Priority Guest, Reikartz Corporate Guest және Reikartz Business бейілділік бағдарламаларының мүшесі болсаңыз, Сіздің бағдарламаларға қатысуыңыздың арқасында алынған жеңілдіктерді, бонустар мен басқа да артықшылықтарды Сізге аудару үшін біз өз серіктестеріңізге Сіздің жеке ақпаратыңызды береміз. Сондай-ақ, біз туризм жөніндегі серіктестерімізге сапар ережелерінің сақталуын немесе арнайы тарифтік жоспарлардың пайдаланылуын бағалауға көмектесу немесе біздің туризм жөніндегі  серіктестерімізбен бірге маркетингтік іс-шараларға қатысу мүмкіндігін беру мақсатында оларға электрондық пошта мекенжайы сияқты Сіздің жеке ақпаратыңызды береміз. «РХМ Казахстан»  ЖШС біздің ортақ клиенттерімізге жарнаманы жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін біздің серіктес туристік операторлар, туристік агенттер және төлем карталарын жеткізушілер сияқты бөгде ұйымдармен ынтымақтастық жасайды. Біздің серіктестеріміз Сіздің біздің қонақ үйлерімізде болуыңыз туралы ақпараттың негізінде Сізге қолайлы ұсыныстар жасай алады. Сонымен қатар, біз бөгде серіктестерге веб-сайтқа кірген кезде немесе сол серіктестің қосымшасын пайдаланған кезде Сізді тануға немесе сайттарға кірген кезде Сізді өз клиенттерінің бірі ретінде тануға мүмкіндік бере аламыз, осылайша олар Сіз үшін ең қолайлы ұсыныстар жасайды. Біз бөгде компаниялар Сіздің хэштелген электронды пошта мекенжайыңызды өздерінің хэштелген электрондық пошта мекенжайларымен байланыстыруы және Сізге Интернет және электрондық пошта арқылы біздің атымыздан жарнама жіберуі үшін қолданыстағы қауіпсіздік шараларын пайдалана отырып, Сіздің хэштелген электрондық пошта мекенжайыңызды бере аламыз. 
  • Жарнамалық акциялардың серіктес-ұйымдастырушылары. «РХМ Казахстан» ЖШС басқа компаниялармен ынтымақтасып жарнамалық акциялар, ұтыс ойындарын, лотереялар, жарыстар немесе конкурстар өткізе алады, сондай-ақ басқа компаниялар өткізетін лотереялар мен конкурстарға жүлделер ұсынады. Егер Сіз ұтыс ойындарының немесе конкурстардың біріне қатысатын болсаңыз, біз Сіздің ақпаратыңызды іс-шараны өткізетін серіктестерімізге немесе бөгде демеушілерге ұсына аламыз.
  • Қонақ үйлердегі қызметтер. «РХМ Казахстан» ЖШС SPA-процедуралар, конференц-сервис қызметтерін, тамақтану қызметтерін және басқа да ілеспе қызметтерді қоса алғанда, қонақ үйдің аумағында қызметтер көрсететін басқа жеткізушілерге жеке ақпаратты ұсына алады.
  • Қызмет көрсетушілер. «РХМ Казахстан» ЖШС бөгде компанияларға біздің атымыздан қызметтер мен өнімдер ұсынуға сенім білдіреді және жағдайларға байланысты оларға Сіздің жеке  ақпаратыңызды беруі мүмкін. Әдетте, келісімшарт бойынша біздің қызметтерді жеткізушілеріміз Сіздің жеке ақпаратыңызды қорғауға міндетті және бұл заңмен талап етілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, Сіздің жеке ақпаратыңызды басқа жолмен пайдалана алмайды немесе бере алмайды. Бұл ретте біздің қызметтерді жеткізушілеріміз алаяқтық жағдайлары анықталған кезде алаяқтықты анықтау мақсатында Сіздің дербес деректеріңізді пайдалануы, бірақ ұсынбауы мүмкін. «РХМ Казахстан» ЖШС Сіздің жеке қалау-тілектеріңізге және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Интернетте және мобильді құрылғыларға арналған қосымшалардағы жарнаманы дербестендіруді қоса алғанда, біздің атымыздан жаңалықтарды хабарлау және Сізге жарнамалық және іскерлік материалдарды жеткізу үшін қызметтерді жеткізушілерді тарта алады. Біз осындай жарнамадан бас тартуға мүмкіндік беретін компаниялармен ғана ынтымақтастық жасаймыз. Сондай-ақ, біз Сіздің қалау-тілектеріңізге және бөгде компаниялардың деректеріне сүйене отырып, Сіз үшін жеке дайындалған тізімдерден сайттарды, іс-шараларды, сондай-ақ мейрамханаларды таңдау арқылы маршруттарды әзірлеуге мүмкіндік беру үшін қызметтерді жеткізушілермен ақпарат алмасамыз. 
  • Коммерциялық мәмілелер. Бизнестің дамуына қарай «РХМ Казахстан» ЖШС кәсіпорындарды немесе активтерді сатуы немесе сатып алуы немесе қазіргі уақытта біздің брендтер портфолиосына кіретін қонақ үйге қатысты басқаруды тоқтатуы мүмкін. Осы мән-жайды ескере отырып, біздің компания осы коммерциялық мәмілелердің аясында басқалармен бірге Жалпы сипаттағы ақпаратты (бұдан әрі Ережеде сипатталған) және дербес деректерді қоса алғанда жиналған ақпаратты бір немесе бірнеше үлестес немесе тәуелсіз бөгде компанияларға ұсынуы, сатуы немесе беруі мүмкін. Жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкес біз осы мақсат үшін жеке деректерді үшінші тұлғаларға беру ниетіміз туралы хабарлама жібереміз және Сізге осылайша беруден қалай бас тартуға болатындығын түсіндіреміз.
  • Толықтыру. Бұдан басқа, «РХМ Казахстан» ЖШС жеке ақпаратты келесі жағдайларда ашуы мүмкін: (i) қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес; (ii) мемлекеттік билік органдарының талаптарына жауап ретінде; (iii) сот процесінің талаптарына сәйкес; (iv) «РХМ Казахстан» ЖШС-ның, сайтқа кірушілердің, қонақтардың, қызметкерлердің немесе жұртшылықтың құқықтарын, құпиялылығын, қауіпсіздігін немесе меншігін қорғау ретінде; (v) өз құқықтарын қорғау немесе ықтимал залалды азайту мақсатында; (vi) біздің веб-сайттарымызда көрсетілген шарттар мен ережелерді сақтау мақсатында; (vii) төтенше жағдайларда.

5. Жалпы сипаттағы ақпарат
Сіз біздің веб-сайттарымызға және қосымшаларымызға кірген және пайдаланған кезде, «РХМ Казахстан» ЖШС Сіздің сайтты пайдалануыңыз туралы Сізді жеке сәйкестендірмейтін өзге  ақпаратты жинайды, мысалы, Сіз кірген сайт парақшаларының каталогы, сондай-ақ біздің сайттарымызға кіру саны («Жалпы сипаттағы ақпарат»). «РХМ Казахстан» ЖШС жалпы сипаттағы ақпаратты, сондай-ақ Сізге жарнаманы электрондық поштамен, Интернет арқылы (біздің және басқа сайттарда) және мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар арқылы жеткізу үшін бөгде компаниялардан алынған деректерді пайдаланады. Сондай-ақ, біздің серіктестерімізге Сізді Reikartz Club, Reikartz Priority Guest, Reikartz Corporate Guest және Reikartz Business бейілділік бағдарламасының қатысушысы ретінде анықтауға немесе Сіз серіктестің веб-сайтына кірген немесе серіктестің қосымшасын пайдаланған немесе біздің қосымшаларымызды пайдаланған кезде олар Сізге барынша сәйкес келетін ұсыныстар жасау үшін Сізді өз клиенттерінің бірі ретінде тануға мүмкіндік беру үшін Жалпы сипаттағы ақпаратты пайдалана аламыз. «РХМ Казахстан» ЖШС осындай ақпаратты жинау үшін cookie-файлдарды және басқа да технологияларды (мысалы, «нүктелі маркерлер», «веб-маяктар», «мөлдір GIF-файлдар», электрондық пошта хабарламаларындағы сілтемелер, JavaScript, Google немесе Apple берген құрылғылардың сәйкестендіру нөмірлері немесе басқа да осындай технологиялар) пайдаланады. Сондай-ақ, Сіз  өз компьютеріңізден cookie-файлдарды жоя аласыз немесе оларды кез келген уақытта бұғаттай аласыз (cookie-файлдарды жою немесе бұғаттау туралы ақпарат браузердің «Анықтама» мәзірінде). «РХМ Казахстан» ЖШС Сіздің браузеріңіздің реттемелері үшін жауап бермейді. Сіз www.allaboutcookies.org сайтында веб-браузерлердің әртүрлі түрлері үшін cookie-файлдарды қалай басқару керектігі туралы қарапайым және түсінікті нұсқаулықтарды таба аласыз. Еуропалық экономикалық аймақта және Ұлыбританияда тұратын адамдар үшін ескертпе: Егер Сіз Еуропа аумағында тұратын болсаңыз, Сіз Сookie Consent Manager («Cookie файлдарын басқару менеджері») пайдаланып, Сookie Settings («Сookie файлдарын ретке келтіру») бөлімінде cookie файлдарына қатысты Өз қалау-тілектеріңізді ретке келтіре аласыз, оны мына жерден табуға болады: Cookie Preferences («Cookie файлдарының параметрлері»).

«РХМ Казахстан» ЖШС жиналған және жинақталған ақпаратты немесе бөгде компаниялардан алынған анонимді жеке ақпаратты өз пайдаланушыларымыз туралы неғұрлым нақты ақпарат алу үшін пайдаланады (мысалы, біз қаланың нақты телефон коды бар пайдаланушыларымыздың пайызын есептеу үшін жиынтық ақпаратты пайдалана аламыз). Бұған туған күні, жынысы және отбасылық жағдайы секілді демографиялық деректер, сүйікті өнімдері немесе хоббиі сияқты болжамды коммерциялық қызығушылықтары, сондай-ақ біз Сізден немесе үшінші тұлғалардан алатын басқа ақпарат жатады.

Жалпы сипаттағы ақпарат Сіздің жеке басыңызды сәйкестендірмейтіндіктен, «РХМ Казахстан»  ЖШС бұл ақпаратты заңда рұқсат етілген кез келген жағдайларда аша алады. Кейбір жағдайларда біз Жалпы сипаттағы ақпаратты жеке ақпаратпен біріктіреміз. Жалпы сипаттағы ақпаратты жеке ақпаратқа қосқан жағдайда, нәтижесінде алынған ақпаратты біз осы Ереженің ережелеріне сәйкес жеке ақпарат ретінде қарастырамыз.

6. Құпия ақпарат
«Құпия ақпарат» ұғымы Сіздің нәсілдік тиістілігіңізге немесе ұлтыңызға, саяси көзқарастарыңызға, діни немесе философиялық сенімдеріңізге, кәсіподақтарға қатысуыңызға, денсаулық жағдайыңызға, сексуалдық өміріңізге және жыныстық бағдарыңызға, генетикаға, қылмыстық өткеніңізге байланысты мәліметтерді, сондай-ақ сәйкестендіру мақсатында пайдаланылатын кез келген бірегей биометриялық деректерді білдіреді. Кейбір юрисдикцияларда мобильді телефон нөмірлері, орналасқан жері туралы мәліметтер, жеке басты куәландыратын құжаттардағы ақпарат та құпия ақпарат болып табылады.

Әдетте, егер Сіз ерікті түрде бермесеңіз немесе қолданылатын заңдарға немесе ережелерге сәйкес бізден талап етілмесе, «РХМ Казахстан» ЖШС құпия ақпаратты жинамайды. Сіздің қажеттіліктеріңізге барынша сәйкес келетін қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету (мысалы, дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға бөлме беру) үшін Сіз ұсынған денсаулық жағдайы туралы деректерді пайдаланамыз. 

7. Балалардан алынған жеке ақпарат
«РХМ Казахстан» ЖШС 18 жасқа толмаған адамдар туралы жеке ақпаратты әдейі жинамайды. Егер Сіз ата-ана немесе қамқоршы болсаңыз, балаларыңыздың Сіздің рұқсатыңызсыз жеке ақпаратты беруіне жол бермеңіз.

8. Мобильді телефоннан сайтқа кіру және орналасқан жерін ескере отырып көрсетілетін қызметтер
«РХМ Казахстан» ЖШС смартфонға немесе мобильді құрылғыға жүктеуге болатын мобильді қосымшаларды ұсынады. Бұл қосымшалардың әртүрлі функционалдық мүмкіндіктері бар, клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартады. Қызмет көрсетумен қатар біздің қосымшаларымыз осы Ережеге сәйкес пайдаланылатын жеке ақпаратты және Жалпы сипаттағы ақпаратты жинайды. Егер Сіз біздің мобильді қосымшаларымызға өз құрылғыңыздағы Сіздің орналасқан жеріңіз туралы ақпаратқа қол жеткізуге рұқсат берсеңіз, біздің мобильді қосымшаларымыз Сіздің  орналасқан жеріңізге сәйкес Сізге ақпарат пен ұсыныстар беру үшін жаһандық орналасу жүйесінің (GPS) технологиясын және Сіздің мобильді құрылғыңыздың басқа да технологияларын (мысалы, «маяктар» ретінде белгілі сымсыз таратқыштар) пайдаланады. «Маяктар» қол жетерлік жердегі мобильді құрылғылармен өзара іс-қимыл жасау арқылы қатысушы қонақ үйлердегі Сіздің орналасқан жеріңіз туралы ақпаратты жинауға мүмкіндік береді. Біз бұл орналасқан жер туралы ақпаратты Сіздің мобильді құрылғыңызға хабарламалар мен басқа да ақпаратты жіберу, біздің қонақ үйлеріміздің төңірегінде болу кезінде навигациялық көмек көрсету және біздің ойымызша Сіз үшін қызықты болуы мүмкін өнімдер, қызметтер немесе іс-шаралар туралы ақпарат пен ұсыныстарды жіберу арқылы қонақ үйдің қызмет көрсету деңгейін жақсарту үшін пайдалануымыз мүмкін. Біз бұл деректерді Сізге қызықты болатын ақпаратты, ұсыныстар мен қызметтерді беру мақсатында бөгде компанияларға, соның ішінде бизнес- серіктестер мен қызметтердің жеткізушілеріне жібере аламыз. Қосымшадағы реттемелерді өзгерту немесе Өзіңіздің мобильді құрылғыңыздағы реттемелерді өзгерту арқылы орналасқан жер туралы ақпаратты жинауға тыйым салуға немесе шектеуге болады.
Біз осы мобильді және орналасқан жерге негізделген қызметтердің барлығын жергілікті заңнамамен рұқсат етілген мөлшерде ғана ұсынамыз.

9. Бөгде компаниялардың веб-сайттары мен қызметтеріне сілтемелер
Біздің сайтымызда және мобильді қосымшаларда бөгде компаниялардың веб-сайттарына сілтемелер болуы мүмкін. Назар аударыңыз: осы деректерді жинау, пайдалану және басқару үшін, сондай-ақ осы бөгде компаниялардың деректер мен ақпаратты беруі немесе ашуы үшін біздің компания жауап бермейді. Егер Сіз бөгде компаниялардың веб-сайттарында ақпарат берсеңіз, онда оған осы сайттарда қолданылатын құпиялылық саясаты мен қызмет көрсету шарттары қолданылмайды. Веб-сайттарға жеке ақпарат бермес бұрын біз олардың құпиялылық саясатымен танысуды ұсынамыз.
Содай-ақ, «РХМ Казахстан» ЖШС біздің қонақтарымыз үшін Интернетке тегін қолжетімділікті ұсынатын Интернет-провайдерлердің шектеулі санымен ынтымақтастық жасайды. Сіздің қонақ үйде Интернетті пайдалануыңыз бөгде Интернет-провайдердің пайдалану ережелеріне және құпиялылық саясатына сәйкес жүзеге асырылады. Сіз осы шарттармен және ережелермен кіру парақшасына сілтеме арқылы таныса аласыз немесе Интернет-провайдердің веб-сайтына кіре аласыз.

10. Жеке ақпаратты қорғау
«РХМ Казахстан» ЖШС: (i) жеке ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден, ашудан, өзгертуден немесе жоюдан қорғау; (ii) тиісті жағдайларда ақпараттың дәйектілігі мен уақтылы жаңартылуын бақылау мақсатында ақылға қонымды шаралар қабылдайтын болады. Біздің компанияда «РХМ Казахстан» ЖШС-да қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасын жасауға, жаңартуға және басқаруға жауап беретін ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі кәсіби мамандардың сенімді командасы жұмыс істейді. «РХМ Казахстан» ЖШС-ның ақпараттық қауіпсіздікті жаһандық қамтамасыз ету жөніндегі командасы, басқалармен қатар, әлеуетті басқыншылық кіру жағдайларында біздің жүйелеріміздің мониторингі, әлеуетті оқиғаларға ден қою, қонақ үйлердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, біздің компанияда деректерді қорғау үшін пайдаланылатын қауіпсіздікті бақылау құралдарын тұрақты талдау және жаңарту, сондай-ақ «РХМ Казахстан» ЖШС-ның ақпараттық қауіпсіздік бағдарламасы бойынша оқыту үшін жауапкершілікте болады. Қауіпсіздіктің бұзылуына байланысты оқиғалар орын алған жағдайда, біздің компания қолданылатын заңдарға немесе ережелерге сәйкес бақылау-қадағалау органдарын және/немесе клиенттерді хабардар етеді.

«РХМ Казахстан» ЖШС біздің серіктестеріміз бен қызметтерді жеткізушілерден алынған жеке ақпараттың құпиялылығын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды талап етеді. Интернетте транзакцияларды орындау кезінде біз Сіздің сайтта ұсынған жеке ақпаратты техникалық қорғаудың жеткілікті құралдарын қолданамыз. Өкінішке орай, әзірге мүлдем сенімді қауіпсіздік жүйесі немесе Интернет арқылы деректерді беру жүйесі жоқ.
Өзіңіздің құпия деректеріңізді қорғау мақсатында бізге төлем карталарының нөмірлерін немесе кез келген басқа құпия жеке ақпаратты электрондық пошта арқылы жібермеңіз.

11. Жеке ақпаратты шетелге жіберу
Reikartz Grup Otel шатырлы брендінің портфолиосына кіретін қонақ үйлер әлемнің көптеген елдерінде орналасқан және қонақ үйлердің әрқайсысында Сізге қызмет көрсетудің бірдей жоғары деңгейі ұсынылады. Осы мақсатта Сіз Reikartz Grup Otel шатырлы брендінің портфолиосына кіретін басқа қатысушыларға, «РХМ Казахстан» ЖШС басқаруындағы қонақ үйлерге немесе шетелден қызмет жеткізушілерге өзіңіздің жеке ақпаратыңызды бере алатынымызды растайсыз. Қонақ үй қолданыстағы заңдарға немесе ережелерге сәйкес талап етілетін жағдайда Сіздің дербес деректеріңіздің көшірмесін өзінде сақтай алады. Әртүрлі елдердегі дербес деректерді қорғау туралы заңдардың Сіздің еліңіздегі заңдар секілді соншалықты жетілдірілмегеніне қарамастан, біздің компания Сіздің дербес деректеріңіздің осы Ереженің қағидаларына  және заңнаманың талаптарына сәйкес қолданылуы үшін тиісті шаралар қабылдайды.

12. Жеке ақпаратты өзгерту және оған қол жеткізу
Қолданыстағы заңнамада белгіленген жағдайларда «РХМ Казахстан» ЖШС Сізге Өзіңіз туралы қолда бар ақпарат туралы мәліметтерді ұсынады және қажет болған жағдайда да Сіз Өзіңіздің деректеріңізді өңдеудің белгілі бір түрлеріне берген келісіміңізді кері қайтарып алуыңызға және/немесе Сіздің дербес деректеріңізді өзгертуді, түзетуді, жоюды сұрауыңызға және/немесе оны өңдеуді тоқтата тұруыңызға болады. Барлық қажетті жаңартулар мен өзгерістер қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімнің ішінде және заң талаптарына сәйкес енгізілетін болады. Заңмен рұқсат етілген жағдайларда, Сіздің сұрау салуыңызды өңдеуге байланысты шығындарды өтеу үшін тиісті ақы алынуы мүмкін. Сұрау салуларды мына мекенжай бойынша электрондық пошта арқылы жіберуге болады: reservation@reikartz.kz Құпиялылықты сақтау мақсатында сұрау салуға жауап бізде тіркелген немесе өзге тәсілмен берілген электрондық мекенжайға жіберілетін болады.

Сонымен қатар, белгілі бір жағдайларда және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіз «РХМ Казахстан» ЖШС-ның біздің іскерлік серіктестерімізге Сіз туралы жеке ақпаратты бермеуін немесе бізбен электрондық пошта арқылы немесе төменде көрсетілген пошта мекенжайы бойынша хабарласып, Өзіңіз туралы жеке ақпаратты пайдалануды тоқтатуымызды талап ете аласыз. Біз қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай сұрау салуларды қанағаттандырамыз.

13. Жауапкершілік
«РХМ Казахстан» ЖШС құпия ақпарат жария етілген немесе жоғалған жағдайда, егер осы ақпарат:
-    ол жария етілгенге немесе жоғалғанға дейін қоғамның игілігіне айналған;
-    оны «РХМ Казахстан» ЖШС алған сәтке дейін үшінші тараптан алынған;
-    қонақтардың, қонақ үйге келушілердің, конференцияға қатысушылардың және басқа да тұлғалардың келісімімен жария етілген болса, жауап бермейді.

14. Жеке ақпаратты сақтау
«РХМ Казахстан» ЖШС Сіздің жеке ақпаратыңызды, егер ол неғұрлым ұзақ сақтау мерзімін талап етпесе немесе қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, осы Ереженің талаптарында айқындалған мерзім ішінде сақтайды. Сіздің тұруыңыз аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде біз осы Ережеде белгіленген мақсаттар үшін жиналған Сіздің дербес деректеріңізді сақтаймыз. Басқа дербес деректер, егер ол мүмкін болса және заңнамаға сәйкес рұқсат етілсе, неғұрлым қысқа мерзім ішінде сақталады.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді қалпына келтіру немесе қайта жасау мүмкіндігінсіз қысқа мерзімде жоямыз.
Қағаз тасығыштардағы дербес деректер сенімді тәсілмен, мысалы, қағаз құжаттарды шредерде ұсақтау, жағу жолымен немесе өзгеше түрде жойылады, ал электрондық түрде сақталатын дербес деректер осы деректерді кейіннен қалпына келтірудің немесе қайта жасаудың мүмкін еместігіне кепілдік беретін техникалық құралдарды қолдана отырып жойылады.

15. Маркетингтік коммуникацияларды таңдау
Егер Сіз бізге өзіңіздің байланыс ақпараттарыңызды (пошталық мекенжайыңыз, электрондық пошта мекенжайыңыз немесе телефон нөміріңіз) қалау-тілектеріңізге сәйкес және Өзіңіздің келісіміңізбен (ол қажет болған жағдайда) ұсынсаңыз, «РХМ Казахстан» ЖШС Сізге біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміз туралы хабарлауы немесе Сізді іс-шараларға электрондық пошта, интернет-жарнама, әлеуметтік желілер, WeChat, WhatsApp, Viber, Telegram арқылы, телефон арқылы, мәтіндік хабарламалар (оның ішінде SMS және MMS), push-хабарламалар, ішкі хабарламалар, пошта, клиенттерді қолдау қызметі арқылы, сонымен қатар басқа құралдардың көмегімен шақыруы мүмкін.

Егер Сіз бізден электрондық маркетингтік материалдарды алуды қаламасаңыз, бізден алынған электрондық поштадағы жазылымнан бас тарту қызметін қолдана отырып, одан кез келген уақытта бас тарта аласыз. Таратудан бас тарту туралы сұрау салуды өңдеу он жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін. Сондай-ақ, Сіз қонақ үйде болған, қонақ үйге келген және қонақ үйден кеткен кезде тіркеу үстелінде мәтіндік хабарламаларды алудан бас тартатыныңыз туралы хабарлай аласыз.

16. Ережедегі өзгерістер
Осы Ережеге уақыт өте келе өзгерістер енгізілуі мүмкін. Осы Ережеге маңызды өзгерістер енгізілген жағдайда біздің сайтымыздың басты бетінде Ереженің жаңартылған нұсқасына сілтеме пайда болады, ал егер Сіз кез келген өнімді немесе қызметті пайдалану үшін тіркелген болсаңыз, таңдалған байланыс тәсілінің көмегімен хабарлама аласыз. Осы Ереженің соңғы жаңартылған күні осы сілтемеде және құжаттың жоғарғы жағында көрсетілген. Ережеге енгізілген кез келген өзгерістер оның жаңартылған нұсқасы сайтта жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Сайтты, біздің кез келген өнімдеріміз бен қызметтерімізді пайдалану және / немесе осындай өзгерістер енгізілгеннен кейін жаңартылған Ережеге келісім беру Сіздің күшіне енген қайта қаралған Ережені қабылдағаныңызды білдіреді.

17. Бізбен хабарласыңыз
Осы Ережеге қатысты немесе «РХМ Казахстан» ЖШС Сіздің дербес деректеріңізді пайдалану нұсқалары туралы қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, сондай-ақ алғыс білдіргіңіз немесе шағым жасағыңыз келсе, reservation@reikartz.kz мекенжайындағы электрондық пошта арқылы хабарлама жіберіңіз. Біз Сізге алғашқы мүмкіндіктен жауап береміз.

18. «РХМ Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Құпиялылық туралы ережесіне өзгерістер
«РХМ Казахстан» ЖШС біздің қонақтарымыздың дербес деректерін қалай жинайтыны, пайдаланатыны, тарататыны және қорғайтыны туралы толығырақ ақпарат беру мақсатында жаңартылды.

  • 1-қосымша қосылды: «БЭА резиденттерінің дербес деректерін өңдеуге қатысты қолданылатын қосымша ережелер». 1-қосымша Еуропалық Парламенттің және Сәуір кеңесінің, 27 сәуір {{2016}} ж., дербес деректерді өңдеуге қатысты жеке тұлғаларды қорғау және мұндай деректердің еркін қозғалысына қатысты, әдетте «Жеке деректерді қорғау жөніндегі ЕО жалпы регламенті» (GDPR) деп аталатын (ЕО) 2016/679 Қаулысына сәйкес ұсынылған толық ақпаратты қамтиды.
үй Желі ережелері Құпиялылық саясаты