Нөмірді брондау
Тұруды брондау

captcha
Контактілерді енгізіңіз

Көкшетауда Reikartz қонақ үйі ашылды

Reikartz Түркиядағы алғашқы қонақүйді ұсынады!

Қазақстанда ұзақ тұруға жеңілдіктер

Атырауда Reikartz Sunkar қонақ үйі ашылды

Біз бағаны booking.com сайтындағы құнынан 20% төме


Cookie файлдарына қатысты саясат

https://reikartz.kz/kk веб-сайтын және басқа байланысты мобильді қосымшаларды, қызметтер мен құралдарды пайдалана отырып, Сіз Reikartz Grup Otel-тың Құпиялылық саясатымен және біз және үшінші тараптар белгілеген  cookie файлдарын пайдалануға, сондай-ақ оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сайттағы іс-әрекеттерді бақылаудың басқа да технологияларын қолдануға келісіміңізді бересіз. Атап айтқанда, біз Интернетте Сізбен өзара іс-қимыл жасауды жақсарту және Сізге жіберілетін маркетингтік және сервистік өтініштерді басқару мақсатында сайтты пайдалану туралы жиынтық деректерді жинай аламыз. Сіз біз пайдаланатын кейбір cookie файлдарын ажырата аласыз, алайда бұл біздің сайтымызды (мобильді қосымшаның) мүмкіндігі мен оның дұрыс пайдаланылуына әсер етуі мүмкін.

ЕС 2016/679 (General Data Protection Regulation, GDPR) қабылданған қаулысының Деректерді қорғау жөніндегі бас регламентінің талаптарын, атап айтқанда e-Privacy Directive электронды коммуникациялар секторында дербес деректерді өңдеу және құпиялылықты қорғауға қатысты талаптарын орындай отырып, біз үшін Сіздің cookie файлдарын пайдалануға және оларды Сіздің құрылғыларыңызға орнатуға келісіміңіз қажет. 

Осы Сookie файлдарына қатысты саясатта біз пайдаланатын cookie файлдары және оларды пайдалану мақсаттары туралы қажетті ақпарат қамтылған. 

Сookie файлы дегеніміз не?
Сookie файлы — бұл веб-сайтты пайдалану кезінде жасалатын және кіру жүзеге асырылған құрылғыда немесе браузерде ақпаратты сақтайтын шағын көлемдегі файл.

Сіздің құрылғыңызда сақталған cookie файлдары нақты пайдаланушыны емес, кездейсоқ тәртіпте жасалатын сәйкестендіру белгілерінің көмегімен  Сіз пайдаланатын компьютерді немесе мобильді құрылғыны сәйкестендіреді. 
Сookie файлдары туралы барынша толық ақпаратты мына сайттардан табуға болады:

Біз cookie файлдарын не үшін пайдаланамыз?
Сіз біздің сайтымыздың мүмкіндіктерін барынша тиімдірек пайдалану үшін Сіздің компьютеріңіз немесе мобильді құрылғыңыз cookie файлдарын мынадай мақсаттарда қабылдауы тиіс: 

  • Біздің сайтымызда қонақ үйде тұруды брондау процесін немесе басқа да қызметті қамтамасыз ету үшін.
  • Біздің сайтымызда және біздің электронды жіберілімдерімізде Сізге ненің ұнағанын және ненің ұнамағанын түсінуге көмектесетін ақпаратты ұсыну үшін. Бұл бізге Сіздің кейін де келуіңіз үшін Сізге барынша дербес опциялар мен неғұрлым сәйкес келетін ақпаратты ұсынуға көмектеседі. 
  • Келешекте біз өз сайтымызды Сіздің қалау-тілектеріңізге бейімдеу үшін Сіз таңдаған тіл және елдің параметрлері, Сіздің қонақ үйлерді соңғы іздеуіңіз секілді деректерді сақтау үшін. 
  • Біздің сайтымыздың (мобильді қосымшаның), оның ішінде орналастырылған маркетингтік ақпараттың тиімділігі үшін.

Сookie файлдарында сізді сәйкестендірудің қандай деректері қамтылған?
Стандарт сookie файлы пайдаланушыны емес, Сіздің веб-браузеріңізді сәйкестендіру туралы ақпаратты қамтиды. 
Осы cookie файлы Сіздің реттемелеріңізді, сайт парақшаларындағы навигация тарихын есте сақтайды, пайдаланушының жұмысын оңтайландырады, Сіз белгілеген параметрлерді сақтайды.

Біз пайдаланатын кейбір cookie файлдары барынша толық ақпаратты, тіпті Сізді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпаратты сақтауы және Сіздің жеке ақпаратыңыздың көп мөлшерін қамтуы мүмкін. 

Алайда, Сізді сәйкестендірудің қосымша мәліметтерін тек Сіз өз қолыңызбен енгізіп, бізге өзіңіз ғана бере аласыз және Сіз тек оған жеке келісіміңізді растаған жағдайда беріледі.

Сookie файлдарының санаттары және оларды басқару
Біздің веб-сайтымыздың cookie файлдарын жіктеу cookie файлдарына қатысты Халықаралық сауда палатасының нұсқаулығына негізделеді.

1. ҚАТАҢ ҚАЖЕТТІ (STRICTLY NECESSARY)
«Қатаң қажетті» cookie файлдары веб-сайтты дұрыс пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін міндетті және қажетті болып табылады. Сонымен қатар, олар келесі мақсаттар үшін пайдаланылады: 

  • сайтты емін-еркін қарау;
  • сол сессияның парақшасына қайта өткен кезде алдыңғы іс-әрекеттерді есте сақтау;
  • Web-ресурстың қорғалған бөліктеріне пайдаланушының қауіпсіз кіруі және оның толыққанды функционалын пайдалану;
  • Web-ресурстың қосымшаларымен өзара іс-қимыл жасау және оның барлық сервистеріндегі навигацияның қолайлығы;
  • қонақ үй бөлмесін брондауды ресімдеу.


Осы санаттағы cookie файлдары Сіз туралы ешқандай жеке ақпаратты жинамайды. Олар уақытша болып табылады және веб-браузерді пайдалану аяқталғаннан кейін бірден жойылады. 

2. ТАЛДАМАЛЫҚ (PERFORMANCE)
Талдамалық cookie-файлдар статистикалық ақпаратты жасырын түрде жинау, веб-сайттың өнімділігін талдау, біздің қызметтерімізді көрсету сапасы үшін қолданылады. Оларға төмендегілер жатады:

  • Веб-талдама. Тұрақты және сенімді қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында веб-сайтқа кіруді бақылау;
  • Серіктестік қадағалау. Біздің келушілеріміздің біреуі олардың да веб-сайтына кіргені туралы жасырын хабарлама жолдау үшін қарастырылған; 
  • Қателерді өңдеу. Бізге пайда болатын кез келген қателерді және олардың себептерін анықтау жолымен веб-сайтты жақсартуға көмектесу үшін қажет;
  • Қадағалау технологиялары. Алаяқтық қызметті және қауіпсіздікті бұзушылықтарды болдырмау үшін қажет;
  • Әзірлемелерді тестілеу. Біздің веб-сайтымызда қолданылатын әзірлемелерді тексеру үшін қажет;
  • Маркетингтік ақпаратқа жауаптардың статистикасы. Біздің маркетингтік ақпараттың қаншалықты тиімді болып табылатынын талдау үшін пайдаланылады.

Өнімділік туралы деректерді қадағалау үшін біз Google Analytics пайдаланамыз. Бұл Google, Inc бөгде жеткізушісі көрсететін талдамалық веб-қызмет болып табылады. Веб-сайттың пайдаланылуы туралы ақпарат Google Privacy Shield құпиялылық сертификатымен және Google-мен жасалған деректерді өңдеу туралы жеке келісіммен реттеледі.

3. ФУНКЦИОНАЛДЫҚ (FUNCTIONALITY)
«Функционалдық» cookie файлдары тұрақты болып табылады және біздің веб-сайтымыздың мазмұнын клиенттің белгіленген қалау-тілектеріне сәйкес талдауға мүмкіндік береді, осылайша: 

  • Сізді есіміңізбен атау;
  • өңірлік және тілдік параметрлердің артықшылықтарын пайдалану;
  • Сіздің құрылғыларыңызды тану және авторластырудың шынайылығын тексеру;
  • Сіздің орналасқан жеріңізді анықтау үшін географиялық жағынан байланыстырылған құралдарды пайдалануды қолдау;
  • бөлмені брондау кезінде таңдалған қонақ үйді пайдалану мүмкіндігін жүзеге асырады.

Осы санаттағы сookie файлдары Сіздің веб-сайтты пайдалану барысындағы іс-әрекеттеріңізге талдау жасайды және клиенттерді жеке сәйкестендіретін дербес деректерді қамтымайды. 

4. МАРКЕТИНГТІК (TARGETED ADVERTISING)
«Маркетингтік» cookie файлдары Сіздің қосымшалармен, жарнамамен немесе контентпен қалай өзара іс-қимыл жасауыңыздың негізінде  Сіздің мүдделеріңізге сәйкес келетін таргеттелген жарнаманы біздің атымыздан орналастыра отырып, біздің сайтқа және үшінші тараптардың сайттарына контентті жеткізу үшін қадағалау технологиялары арқылы үшінші тұлғалармен өзара қарым-қатынас жасауға арналған.

Бұл: 

  • релеванттылықты жақсартуға және маркетингтік іс-әрекеттерді дербестендіруге; 
  • маркетингтік іс-әрекеттің қайталану немесе жарнамалық хабарландырулар көрсетілімінің санын шектеуге; 
  • клиенттерге қызмет көрсету сапасы туралы сауалнама жүргізуге; 
  • маркетингтік/жарнама науқандарының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Осы санаттағы cookie файлдары үшінші тұлғалардың басқаруында болады.

Біз Сіздің деректеріңіздің құпиялылығын қорғауға өте жоғары мән береміз, сондықтан аса қажет болмаса, біз Сіздің жеке басыңызды сәйкестендіруге көмектесетін кез келген ақпаратты cookie файлдарына қоса тіркемейміз.

Сіз өзіңіздің веб-браузеріңізді жеке параметрлерге тиісінше түрде ретке келтіріп, cookie файлдарын қабылдаудан бас тартуыңызға, пайдалануды шектеуіңізге немесе тіпті оларды жоюыңызға болады. 

Назар аударыңыз! Веб-браузердің жеке реттемелерін пайдалану сайттың кейбір бөлімдеріне кіруді шектеуі немесе оның толық жұмыс істемеуіне алып келуі мүмкін, сондай-ақ, Сіздің құрылғыларыңызды сәйкестендіруге және тиісті мәліметтерді жинауға кедергі келтіреді, сондықтан: 

  • біз Сіздің мәнмәтіндік жарнамадан бас тартуыңыз туралы білмейтін боламыз. Осыған байланысты, Сіз басқа сайттарға кірген кезде үшінші тұлғалардың баннерлері қайта шығатын болады;
  • біз Сіздің Құпиялылық саясатымызбен келіскеніңізді автоматты түрде біле алмаймыз. 

Cookie файлдарына және басқа ережелер мен шарттарға қатысты саясатпен келіскеніңізді біле алмаймыз, сондықтан сайтқа кірген сайын растау үшін сұрау салулар шығатын болады.

Сондай-ақ, Сіз төмендегі веб-сайттарға кіріп, жеке реттемелерді орнату арқылы көбінесе Сіздің қызығушылықтарыңызға сәйкес келетін жарнамалық хабарландыруларды басқаратын бөгде жарнама берушілердің мәнмәтіндік онлайн жарнамаларын пайдаланудан бас тарта аласыз:

Сіз өзіңіздің веб-браузеріңізде жеке реттемелерді орнату арқылы, сондай-ақ веб-браузерден cookie файлдарын жою арқылы куки файлдарын пайдалануға берген келісіміңізді кері қайтара аласыз.

Басқа қадағалау технологиялары
Әлеуметтік желілерге кіру батырмалары біздің клиенттеріміздің веб-парақшаға сілтемемен бөлісуі немесе электрондық бетбелгі жасауы үшін қолданылады. Бұл батырмалар үшінші тұлғаларға тиесілі әлеуметтік желілердің веб-сайттарына сілтемелер болып табылады, олар өз кезегінде Сіздің Интернеттегі, оның ішінде осы веб-сайттағы белсенділігіңіз туралы ақпаратты тіркей алады. Осындай сайттар Сіздің деректеріңізді қалай пайдаланатынын және олардың Сіздің деректеріңізді пайдаланудан қалай бас тартуға және оларды қалай жоюға болатынын түсіну үшін олардың тиісті пайдалану шарттарымен және құпиялылық саясатымен танысуды өтінеміз.

Бөгде веб-қызметтер. Кейде біздің веб-сайтымызда суреттерді көрсету, бейнелерді қарау немесе дауыс беру/сауалнаманы ұйымдастыру үшін бөгде веб-қызметтерді пайдаланамыз.  Әлеуметтік желілерге кіру батырмалары секілді біз осы сайттардың немесе сыртқы домендердің Сіздің веб-сайттың мазмұнын қалай пайдаланатындығыңыз туралы ақпарат жинауына кедергі жасай алмаймыз.

үй Желі ережелері Cookie файлдарына қатысты саясат