Нөмірді брондау
Тұруды брондау

captcha
Контактілерді енгізіңіз

Көкшетауда Reikartz қонақ үйі ашылды

Reikartz Түркиядағы алғашқы қонақүйді ұсынады!

Қазақстанда ұзақ тұруға жеңілдіктер

Атырауда Reikartz Sunkar қонақ үйі ашылды

Біз бағаны booking.com сайтындағы құнынан 20% төме


Reikartz Safe Stay

Біздің Қонақтарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы біз үшін бәрінен жоғары және аса маңызды міндет болып табылады. Біз Қонақтарымыздың, Серіктестеріміздің және Қызметкерлеріміздің денсаулығына және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлеміз. 

Инфекцияның таралуы туралы ақпаратты, жетекші сарапшылардың және үкіметтік ұйымдар – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, ДДҰ-ның ұсынымдарын мұқият зерттеп, біз Қонақтарымыз үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы процедуралар мен хаттамаларды қатаңдаттық. 

Reikartz Hotel Group желісінің барлық объектілерінде мынадай қауіпсіздік шаралары қабылданған:

  • Қызметкерлердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізіледі: әрбір қызметкердің жұмыс ауысымының басында және соңында түйіспесіз термометрмен дене температурасы өлшенеді; 
  • Барлық қызметкерлер жеке қорғану құралдары – бетпердемен және бір рет пайдаланылатын қолғаптармен қамтамасыз етілген; 
  • Барлық қызметкерлер тұрақты негізде оқудан өтіп, оларға нұсқамалар беріледі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және ДДҰ-ның талаптарымен және ұсынымдарымен таныстырылған;
  • Барлық қонақ үйлер мен мейрамханалардың кіреберісі зарарасыздандыру құралы бар санитариялық станциялармен жабдықталған; 
  • Қонақтар үшін қонақ үйдегі мінез-құлық ережелері мен санитариялық-гигиеналық талаптар қамтылған ақпараттық кестелер орнатылған;
  • Жанасатын барлық беткі қабаттарды міндетті түрде зарарсыздандыру арқылы қоғамдық аймақтарды тазалау жиілігі арттырылған; 
  • Тазалау мен зарарсыздандыру үшін СЭС тиісті қорытындылары және зарарсыздандыру құралдарының куәліктері бар Еуропада өндірілген кәсіби құралдар пайдаланылады;
  • Кем дегенде 1,5 м. қауіпсіз қашықтықты сақтауды ескере отырып, қоғамдық аймақтарды бөлу жүргізілген; 
  • Төсек-орын жабдығы мен түкті сүлгілер Еуропада өндірілген кәсіби сертификатталған құралдармен жоғары температурада өңделеді, артынан міндетті түрде үтіктеледі, 
  • Мейрамхана мен ас үй бөлмесінің жұмысы мемлекеттік нормалардың талаптарымен қатаң реттелген және HACCP стандартының негіздерін сақтауға құрылған;
  • Мейрамханалардың жұмысы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, қоғамдық аймақтарды ұйымдастыру және Қонақтарға қызмет көрсету жөніндегі ұсынымдарға сәйкес түзетілеуде – Қонақтарға қызмет көрсету форматы өзгертілді;
  • Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеу және ден қоюдың ішкі хаттамалары бекітілді;
  • Біз ақпараттың жаңартылуын, сарапшылар мен үкіметтік ұйымдардың ұсынымдарын үнемі бақылап отырамыз және қажетті сақтық шараларын дереу енгіземіз.
үй Науқандар Reikartz Safe Stay