
Есептік жазбаңызға кіріңіз
Құпия сөзді қалпына келтіру
Тіркелу
Алматының көрікті жерлерінің бірі. Теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте орналасқан. Тауға аспалы жолмен көтерілуге болады. Таудың төбесінен қаланың әсем көрінісін және Іле Алатауының жотасын тамашалай аласыз. Әсіресе күн батардың алдында және түнгі уақытта көрініс тіптен әсемдене түседі.
Аты таныс саябақ Алматыда да бар. Мұнда күні бойы уақыт өткізуге болады: ағаштардың көлеңдесінде отыру, аттракциондарда сырғанау немесе тоғанда қайықпен жүзу, жай ғана серуендеп, демалу.
Музыка қазақ халқының өмірінде әрдайым маңызды рөл атқарған. Музейде Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге басқа елдердің тарихындағы белгілі бір мәдени бағыттың дамуын сипаттайтын экспонаттар ұсынылған. Ағаш сәулет өнерінің ескерткіші ретінде музей ғимаратының өзі жеке назар аударуға тұрарлық.
Тамаша сәулет ескерткіші — Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзінде теңдесі жоқ ағаштан жасалған собор құрылысы.